Қазақстандық таеквондошы Универсиада чемпионатында алғашқы алтын иегері атанды

2 298

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ҰОКҚазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров жазғы Универсиада чемпионы атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

67 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Самирхон финалда Түркия спортшысын жеңіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

21 жастағы Абабакиров 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан. Алайда ол 58 келі салмақта Токио Олимпиадасының чемпионы италиялық Вито Дел’Акилуға алғашқы айналымда есе жіберді.

Қазір Қазақстан таеквондо құрамасын Есбол Сұлтанов жаттықтырып жүр. Париж-2024 Олимпиадасында Сұлтановтың жетекшілігімен Тунис құрамасы екі медаль (алтын және қола) алған еді.

2025 жылғы жазғы Универсиада Германияның бес қаласында: Дуйсбург, Бохум, Эссен, Хаген, Мюльхайм және Берлинде өтіп жатыр. 6 шілдеде басталған жарыс 26 шілдеге дейін жалғасады.

Отандық спортшылар әзірге 7 медальге иелік етті. Абабакировтің алтынынан бөлек 6 қола медаль бар.

Таеквондошылар: Дамир Шүленов, Тамирлан Тілеулес, Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс Қаблан және Нодира Ахмедова;

Сонымен қатар көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы бір қола медаль еншілеген.

Медаль саны бойынша Қазақстан 19-орында тұр.

Көш басында:

АҚШ – 46 медаль (18 алтын, 9 күміс, 19 қола);

Қытай – 31 медаль (12+15+4);

Оңтүстік Корея – 29 медаль (11+5+13).

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.