Елена Рыбакина Вашингтон турнирінің ширек финалына жолдама алды

2 643

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ҚТФҚазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина жекелей сында Вашингтон (АҚШ) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингіде 88-орындағы канадалық, 18 жастағы Виктория Мбоконы қапы қалдырды.

Матч 6:3, 7:5 есебімен Рыбакинаның пайдасына шешілді.

Бір сағат 25 минутқа созылған бәсекеде Елена 3 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді. Мбоко 3 эйс, 2 брейкпен (3 брейк-пойнт) көзге түсті.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 24-ракеткасы, Польша өкілі Магдалена Френх немесе кортқа жуырда қайта оралған 45 жастағы атақты америкалық Винус Уильямстің қай жеңгенімен таласады.

Жүлде қоры 1,2 млн АҚШ долларына бағаланған Вашингтон турнирі 27 шілдеде аяқталады.

Е.Рыбакина мұның алдында жұптық сында да ширек финалға шыққан еді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.