Бахтиёр Зайнутдинов ресми түрде "Динамо" футболшысы атанды

2 318

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Футбол ФедерациясыTransfermarkt мәліметінше трансфер құны 2,8 миллион еуроны құрайды.

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ресми түрде Мәскеудің «Динамосына» ауысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«А әрпінен басталатын қала – Жамбыл яғни Тараз. Өйткені ол жақта жылы, ол жақта «Динамоның» жаңа ойыншыларының бірінің үйі бар. Бұл кім? Жақында біле аласыздар!» -делінген жазбада.

Бұл жолғы креативті таныстырылым Ресейдің "Динамо" клубына ауысқан Бақтиер Зайнутдиновке қатысты жасалған.

27 жастағы Зайнутдинов Ресей футболына жақсы таныс - ол бұған дейін «Ростов» сапында 35 матч, ЦСКА құрамында 83 матч өткізген. Ал «Бешикташта» өткен маусымда жарақатына байланысты небәрі 9 ойынға қатысқан.

Айта кетейік, «Динамоның» бас бапкері Валерий Карпин Зайнутдиновпен «Ростовта» жұмыс істеген және оны команда сапында қайта көргісі келетінін ашық айтып еді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.