Бақыт Сәрсекбаев бастаған ұлттық команда Азия чемпионатына жол тартты

2 302

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметіҚазақстанның жастар мен U-22 боксшылар құрамасы 1–11 тамыз аралығында Бангкок қаласында өтетін бокстан Азия чемпионатына қатысу үшін сапарға аттанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Байрақты бәсеке жаңадан құрылған World Boxing ұйымының аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл – World Boxing аясында өтетін алғашқы құрлықтық чемпионат екенін атап өткен жөн. Аталған ұйымның Олимпиада істері жөніндегі комитетін танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин басқарады.

Тайландтағы жарыста ел намысын 39 спортшы қорғайды. Қазақстан құрамасын 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев жетекшілік етеді.

Азия чемпионатында Қазақстаннан бөлек, Өзбекстанның да бокс құрамасы сынға түседі. Біздің спортшылар толық құрамда Тайландқа аттанып үлгерді.

Айта кетейік, өткен жылы Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен жастар арасындағы Азия біріншілігінде Бақыт Сәрсекбаев баптаған қазақстандық боксшылар 22 алтын медаль жеңіп алған болатын.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.