Қазақстан құрамасы өз алаңында Уэльстен жеңіліп қалды

2 315

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Instagram/kff_teamФутболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында Уэльс командасынан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің бесінші туры аясындағы матч "Астана Аренада" өтіп, 0:1 есебімен алаң қожайындарының жеңілісімен аяқталды.

Кездесудегі жалғыз голдың авторы Англияның екінші лигасындағы "Рексхэм" клубы мен Уэльс құрамасының шабуылшысы Киффер Мур болды. Футболшы матчтың 24-минутында есеп ашты.

Бұған дейін командалар іріктеу кезеңінің бірінші туры аясында кездескен. Ол кездесу де Уэльс құрамасының жеңісімен (3:1) аяқталған.

Бүгінгі жеңістен кейін Уэльс құрамасы 10 ұпайға ие болып, турнирлік кестенің бірінші орнына шықты. Қазақстандық команда қазіргі уақытта J тобында төртінші орында тұр.

Әли Әлиевтің ойыншылары келесі матчты 7 қыркүйек күні сырт алаңда Бельгия командасына қарсы өткізеді. Кездесу қазақстан уақытымен 23:45-те басталады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.