Қазақстандық тағы бір футболшы Еуропа клубына ауысты

2 526

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Шахмырза Адырбеков19 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Шахмырза Адырбеков Словакияның «Тренчин» клубына ауысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Клубтың баспасөз қызметі мәлімдегендей, футболшымен келісімшарт 2026 жылдың 30 маусымына дейін жасалды, әрі тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Адырбеков алдымен «Тренчиннің» қосалқы құрамында ойнаған, бірақ ойынымен негізгі команданың бапкерлік штабының назарын бірден аударды. Қазіргі таңда ол нидерландтық маман Рикардо Монизаның жетекшілігімен бірінші команда жаттығуларына қатысып жүр.

Айта кетейік, бұған дейін жас жартылай қорғаушы «Тобылдың» жастар құрамында өнер көрсетіп, 18 матчта 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ оның қоржынында Қостанай клубының негізгі құрамында өткізген 3 ресми ойын бар.

Ал «Тренчин» Словакия чемпионы атағын екі рет жеңіп алған (2015, 2016) және қазіргі таңда чемпионат кестесінде 5-орында тұр. Команда көшбасшыдан небәрі 3 ұпайға қалып келеді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.