Қазақстандық екі боксшы әлемнің үздік спортшысы атағын жеңіп алды

1 537

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Stan.kzWorld Boxing халықаралық федерациясы "Жылдың үздік боксшысы" атағына үміткерлерді жариялаған. Аталмыш тізімде ерлер арасынан Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова үздіктер қатарынан табылған еді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазақстандық қос боксшысы инстаграм әлеуметтік желідегі жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде “Үздік боксшы” атағын жеңіп алды.

Сонымен қатар Махмұд Сабырханның филиппиндік Аарон Джудқа қарсы жекпе-жегін жылдың ең үздік айқасы деп танылды.

Айта кетейік, Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы атанды. Ол бұған дейін 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында да топ жарып, алтыннан алқа таққан. 

Ал Наталья Богданова 2025 жылы наурыз айында Ниште IBA ұйымдастыруымен өткен әлем чемпионатында қола, ал қыркүйекте World Boxing біріншілігінеде алғаг рет әлем чемпионы атанды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.