"Реал Мадрид" екінші дивизионда ойнайтын "Альбасетеден" жеңілді

2 566

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: gettyimages.com«Альбасете» командасы қазір Испанияның екінші лигасы санатындағы Сегундада ойын көрсетеді. Кездесу барысында корольдік клуб сапында алғашқы минуттан негізгі құрамның бірнеше ойыншысы жасыл алаңға шыққан жоқ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Десе де бапкерлер құрамы Винисиус Жуниор, Арда Гюлер, Федерико Вальверде сынды үздіктерге сенім білдірді. Екінші кезеңде Давид Алаба, Эдуарду Камавинга, Даниэль Карвахаль құрамды толықтырды. Соған қарамастан кездесу барысында мадридтік футболшылар қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.

Корольдік клуб сапынан Франко Мастантуоно мен Гонсало Гарсия мергендігімен көзге түссе, «Альбасете» командасынан Хави Вильяр мен Хефте Бетанкор (екі гол) гол соқты. Осылайша испаниялық маман Альваро Арбелоа «Реал Мадрид» бас бапкері қызметіндегі алғашқы ойынында жеңілістің ащы дәмін татты. Ол Испания суперкубогындағы сәтсіздіктен кейін қызметінен кеткен Хави Алонсоны алмастырған еді.

Айта кетсек, Испания суперкубогында мадридтік команда қарсыласына 2:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.