Қазақстан құрамасы Африкадан келген футболшыларды тарихи матчта жеңді

2 521

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© Қазақстан Футбол федерациясының баспасөз қызметіАстанада өткен FIFA Series 2026 халықаралық турнирінің алғашқы матчында Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесуге Беларусьтен келген төрешілер бригадасы қазылық еткен. Бас төреші қызметін Виктор Шимусик атқармақ.

Матч тартысты басталған. Намибия құрамасы алғашқы минуттарда есеп ашуға мүмкіндік алғанымен, Бетуэль Музеу бағыттаған соққыны кері қайтарған. Ал 12 -ші минутта Қазақстан құрамасы алға шықты. Стандартты жағдайдан кейін допты бірінші болып қабылдаған Ян Вороговский дәл соққымен есеп ашты.  Бұл - ұлттық құраманың FIFA Series турниріндегі алғашқы голы болды.

Бірінші таймда қазақстандықтар тағы бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, есеп өзгерген жоқ - 1:0. Екінші таймда да ойын тізгіні Қазақстан құрамасының қолында болды. Қосалқы құрамнан шыққан Айбол Әбікеннің соққысы қақпа бағанасына тиді. Ал 79- шы минутта Әлібек Қасым бұрыштамадан асырылған допты баспен дәл бағыттап, есепті 2:0-ге жеткізген.

 Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы матчында сенімді жеңіске жетіп, үш ұпай еншіледі. Кездесудегі қос голды Ян Вороговский мен Әлібек Қасым соққан.

FIFA Series 2026

Қазақстан – Намибия 2:0 (1:0)

Голдар: Вороговский, 12; Қасым, 79.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.