Үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасы жаңа рекорд қойды

2 507

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©instagram.com/ttfrk/Үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасы командалық әлем чемпионатының 1/16 финалында Испания командасын жеңіп, тарихи жетістікке қол жеткізді. 1/8 финалға шығу - ұлттық құраманың жаңа рекорды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kaz.tengrisport.kz сайтынан сілтеме жасап.

Лондонда Қазақстан - Испания матчі плей-офф кезеңінің бірінші раунды аясында өтті. Командаға жеңісті үш Олимпиада ойындарының қатысушысы Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев сыйлады. Кездесудің қорытынды есебі Қазақстанның пайдасына 3-1 болды.

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің ақпаратынша, бұл нәтиже Қазақстан құрамасының тарихындағы ең үздік көрсеткіш болды. Бұған дейін команда тек 1/16 финалға дейін ғана жете алған.

Ширек финал жолдамасы үшін Қазақстан теннисшілері Жапония құрамасымен кездеседі. Олардың сапында Олимпиада жүлдегері Томоказу Харимото бар.Ерлер командасымен қатар 1/16 финалға Қазақстан әйелдер құрамасы да шыққан болатын, алайда олар Швеция командасына жол берді.Үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты Лондонда (Ұлыбритания) өтіп жатыр және 10 мамырға дейін жалғасады. Плей-офф матчтары аңызға айналған Уэмбли стадионында өтіп жатыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.