Балалар боксқа – 13 жастан, футболға 8 жастан қабылданады

2 513

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©Артем ЧурсинСпорт түрлері бойынша жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас мөлшері белгіленген,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі El.kz сайтына сілтеме жасап.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, елімізде 4-17 жас аралығындағы 5,1 миллионнан астам бала мен жасөспірім спортпен тұрақты түрде айналысады. Жарыстар спорттық дайындықтың маңызды бөлігі саналады және белгілі бір физикалық әрі психологиялық жүктемелерді қамтиды. Спорттық жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас шегі бекітілген. Бұл шара балалардың денсаулығын қорғау және ерте жаста жарақат алу қаупін төмендетуге бағытталған.

Жас шектеулері спорт федерацияларының ұсыныстары негізінде, Денсаулық сақтау министрлігімен келісіліп, халықаралық стандарттарға сәйкес анықталды. Бұл талаптар тек жарыстарға қатысуға қатысты болып, балаларды спорт мектептері, үйірмелер және спорт резервін даярлайтын мекемелерге қабылдауға қатысты шектеулерді қамтымайды. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.