Сәтпаев ресми түрде «Челси» ойыншысы атанды

2 510

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Сурет: Chelsea F.CБүгін, 12-ші тамызда ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаев 18 жасқа толды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

 Футболшы лондондық «Челсидің» толыққанды ойыншысы атанып, клубтың ресми матчтарына қатысуға мүмкіндік алған. АПЛ ережесіне сәйкес 18 жасқа толмаған шетелдік футболшылардың елге ресми түрде көшіп, кәсіби клубтар сапында өнер көрсетуіне шектеу қойылған. Осы себепті Сәтпаев кәмелет жасына толғанға дейін «Қайрат» сапында ойнаған. Футболшы «Челсиге» маусым аяқталған соң ғана қосылып, клубтың маусым алдындағы дайындығына қатысып үлгерген. Сәтпаев «Челсидің» төрт жолдастық кездесуінің үшеуінде алаңға шыққан. Ол дебюттік ойынында «Вестерн Сиднейге» қарсы кездесудің алтыншы минутында гол соққан. «Челси» Сәтпаев қатысқан барлық маусым алдындағы матчтарын Англиядан тыс жерде өткізген. Кездесулер Аустралия, Индонезия, Малайзия және Гонконгта ұйымдастырылған. Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы жүлдесін алды. Енді 18 жастағы футболшы Лондондық клубтың ресми матчтарына қатыса алады. «Челси» маусым алдындағы соңғы жолдастық кездесуін «Стэмфорд Бридж» стадионында испаниялық «Реал Сосьедадқа» қарсы өткізеді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.