Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес ерлі-зайыпты атанды

2 508

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©instagram.com/georginagio41 жастағы португалиялық футболшы Криштиану Роналду мен модель Джорджина Родригес ресми түрде ерлі-зайыпты атанған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

11 тамыз күні футбол жұлдызы Instagram парақшасында неке жүзіктері көрсетіп түскен суретін жариялаған.            Ерлі-зайыптының өкілі олардың үйленгенін растаған. Азаматтық неке қию рәсімі Португалияның Кашкайш қаласында жақын туыстары мен отбасы мүшелерінің қатысуымен өткен.
Роналду мен Родригес 2016 жылы Мадридте танысқан. Ол кезде Джорджина Gucci бутиктерінің бірінде сатушы болып жұмыс істеген. Жұп ретінде олар алғаш рет көпшілік алдына 2017 жылдың 9-шы қаңтарында шықты. 2025 жылдың тамызында, яғни Роналдумен танысқанына тоғыз жыл өткен соң, Джорджина Родригес өздерінің ресми түрде некелестетінін жариялаған.
Бірге тұрған жылдар ішінде Криштиану мен Джорджинаның 2 баласы дүниеге келген. Олар жалпы 5 баланы тәрбиелеп отыр: оның 3 суррогат анадан туған. Роналду 2023 жылдан бері Сауд Арабиясының "Ан-Наср" клубында өнер көрсетіп келеді. Португалиялық футболшы мансабының басым бөлігін "Реал Мадрид" сапында өткізді (2009–2018 жылдар). Команда құрамында Испания чемпионатын екі рет, ел кубогын 2 рет жеңіп, Чемпиондар лигасында 4 рет топ жарған.  "Спортинг", "Ювентус" және "Манчестер Юнайтед" клубтарында ойнаған.                                                                      
Роналду – 5 дүркін "Алтын доп" жүлдесінің иегері.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.