Асланбек Шымбергенов бокстағы мансабын аяқтады

2 505

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:  kazsports.kzБокстан әлем чемпионы, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Асланбек Шымбергенов кәсіби мансабын аяқтады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"Боксқа қайта ораламын деген ой болған. Тіпті, жаттығуды да қайта бастап көрдім. Бірақ, қолым жүрмеді. Сондықтан, кәсіби мансабымды аяқтаймын деп шештім. Бүгінде Жамбыл облысындағы кәсіби бокс клубында басшының орынбасары болып жұмыс істеп жүрмін", - деді Шымбергенов.

Асланбек Шымбергенов жартылай орта және бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық әуесқой боксшы.

Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындарының күміс жүлдегері (2018), Азия чемпионы (2022), Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2014, 2017) және екі дүркін вице-чемпионы (2013, 2018), "Дүниежүзілік бокс сериясының" әуесқойлар арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионатының ширек финалисті.

Жартылай кәсіпқой екі дүркін чемпионы (2015, 2017). Қазақстан Республикасының әуесқой бокстан ұлттық құрамасының капитаны.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.