Қазақстан боксшылары IBF рейтингінде нешінші орында?

465

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңартылған рейтингі жарияланды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  ВКонтакте желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.

Назарларыңызға қазақстандық боксшылардың позицияларын ұсынамыз:

Екінші орта салмақ бойынша Айдос Ербосынұлы төртінші орында қалды, ол ресейлік Евгений Шведенкодан бір жол төмен орналасқан. Рейтингінің алғашқы екі позициясы бос. IBF әлем чемпионы – АҚШ боксшысы Калеб Плант.⠀

Орта салмақтағы қазақстандықтардың рейтингі өзгермеді: Жәнібек Әлімханұлы – тоғызыншы, Мейірім Нұрсұлтанов – оныншы, ал Қанат Ислам 13-орында қалды. Әлем чемпионы титулы Геннадий Головкинге тиесілі, мұнда да алдыңғы екі позиция – бос, ал үшінші орында – Патрик Войцицки.

Жартылай орта салмақта Данияр Елеусінов бұрынғыша 14-орында қалды. Үздік үштік келесідей: Кудратилло Абдукахоров (Өзбекстан), Шон Портер мен Джарон Эннис (екеуі де – АҚШ).

Бірінші жартылай орта салмақта Батыр Жүкембаев та өзінің позициясын өзгертпеді – бұрынғыша 13-орында тұр. Рейтингіде аргентиналық Йеремиас Понсе көш бастаған. Одан кейін пуэрто-риколық боксшы Сабриэль Матиас пен аустралиялық Лиам Паро орналасқан. Осы салмақтағы IBF әлем чемпионы белдігін британдық Джош Тэйлор иеленген.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.