Бекзат Нұрдәулетов титулды жекпе-жекте кикбоксшымен жұдырықтасады

304

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Әуесқойда әлем чемпионы болған жартылай ауыр салмақтағы қазақ боксшы Бекзат Нұрдәулетов (3-0, 1 КО) кәсіпқойдағы титулды жекпе-жекте нидерландтық Чико Куасимен (5-0-1, 2 КО) жұдырықтасады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

BoxRec.com мәліметінше, он раундқа есептелген айқас 5 ақпан Ақтауда өтеді. Бұл кездесуде World Boxing Organization Youth титулы сарапқа салынады. Бұл Бекзаттың кәсіпқойдағы алғашқы титулдық айқасы болмақ. 

23 жастағы қазақ боксшы кәсіпқой карьерасын 2020 жыды бастап, бірінші айқасында Ибрахим Маоколаны нокаутқа түсірген. Кеqін Бекзат тағы екі жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен басым түсті. 

Ал Куаси кәсіпқой боксқа 2019 жылы келді. Чико барлық жекпе-жегін Нидерланд, Бельгия мен Германияда өткізді. Ал боксқа дейін ол кикбокста өнер көрсеткен. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.