Канело мен Головкиннің үшінші жекпе-жегі қашан өтетіні белігілі болды

590

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің үшінші  жекпе-жекегінің уақыты  ресми түрде белгілі болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Боксшының сөзінше, трилогия биылғы жылдың қыркүйек айында өтеді деп жоспарланып отыр.


"Иә жақын арада біз қыркүйек айында болатын жекпе-жек туралы хабарлаймыз. Әрине, ол Головкинге қарсы болады. Себебі, бізде бұған қатысты келісім бар. Сондай-ақ мен Биволмен де тағы жекпе-жек өткізетін боламын. Бірақ бұл кейінірек", - деп баспасөз мәслихатында айтқан "Канелоның" сөздерін ESPN Nockout басылымы жариялады. 

Айта кетейік, Сауль Альварес кәсіби мансабында әйгілі отандасымыз Геннадий Головкинмен екі рет қолғап түйістірген. Олардың арасындағы алғашқы кездесу 2017 жылдың қыркүйегінде өткен еді. Ол кезде жекпе-жек тең аяқталса, тура бір жылдан кейін екінші рет өткен кездесуде мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.