Қазақстандық спортшы ерсіз қылықтары үшін жарыстан шеттетілді

559

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Prosports.kz.Қазақстандық Асхаб Хаджиев құрлықтық додада финалға шығып, жүлдесіз қалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

 Дәл қазір Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен құрлықтық дода өтіп жатыр. 17 жасқа дейінгілер бәсекесінде қазақстандық Асхаб Хаджиев барлық қарсыласын ұтып, шешуші сында үндістандық Парвиндер Сингхпен жолыққан. 


Парвиндер айқын басымдық танытып, жекпе-жек соңына дейін 5 ұпай жинап үлгерді. Кездесудің аяқталуына бірер секунд қалғанда жерлесіміз ашуға булығып, күресті төбелеске айналдырды.


 Нәтижесінде төреші оны жарыстан толық шеттетті. Енді оның бозкілемге қашан оралатыны белгісіз. Белгілісі алдағы әлем чемпионатына қатыспайды. 


Бұл жөнінде ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Дәулет Ниязбеков мәлімдеді. Бұған қоса, Асхабтың кесірінен Қазақстан күрес федерациясы да енді үлкен көлемдегі айыппұл арқалауы мүмкін.  


Айта кетейік, жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты 27 маусымға дейін жалғасады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.