«Бокс онша ұнамайды»: Данияр Елеусінов карьерасын аяқтауы мүмкін

257

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Prosports.kz.Данияр Елеусінов жыл соңына дейін кәсіпқой мансабын аяқтауы мүмкін, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.



«Маған бокс онша ұнамайды, мен жеңіске жеткенді ұнатамын. Промоутер керек, жекпе-жекке шығуым керек. Жыл соңына дейін осы ойлағаным болмаса, онда спорттық мансабымды аяқтайтын шығармын»,— деді ол.  


Айта кетейік, жерлесіміз 25 шілдеде АҚШ төрінде украиналық Иван Голубпен жолығу керек еді. Бірақ жекпе-жек кейінге қалдырылды. Данияр ең соңғы рет өткен жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шықты. Елордадағы жекпе-жек кешінде аргентиналық Хуан Эрнан Леалды жеңіп, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін иемденді.
30 жастағы Данияр Елеусінов 2016 жылы Рио Олимпиадасының чемпионы атанған. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем чемпионы, 2013 және 2015 жылдары Азия чемпионы болған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.