Еркебұлан Тоқтар гонорарын жасырмады

2 596

Кадр видеодан: youtube.com/@ALIBEKOVKZММА файтері, кәсіпқой боксшы, актер әрі каскадер Еркебұлан Тоқтар бір жекпе-жектен қанша ақша табатынын айтты. Бұл туралы ол Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында баяндады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Сұхбат барысында Еркебұлан Тоқтар үш айда, кейде тіпті бір-екі айда бір рет жекпе-жекке шығатынын айтты.

Айтуынша, ол әр жекпе-жектен соң шетелге барып, бір аптадай уақыт демалады. Бұл "қалпыма келуім үшін жеткілікті уақыт", - дейді спортшы.

Сонымен бірге ол шаршы алаңға шыққаны үшін қанша табыс табатынын айтты.

"Бір жекпе-жектен 50 млн теңгеден жоғары табыс табамын. Кейде 30-40 млн теңгеден басталады. Саудаласамын. Қымбаттау шығар, бірақ менің бағам осы. Бірақ сол ақшаны ақтаймын. Әр теңгенің құны ақталады", - деді ол.

Еске салсақ, кеше қазақстандық актер әрі аралас жекпе-жек (ММА) шебері Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізді. Ол жекпе-жек кезінде өзбекстандық қарсыласын нокаутқа түсірді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.