Нұрлан имам АҚШ президенті Байденнен шақырту алды
Нұрлан имам АҚШ президенті Джо Байденнен шақырту алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жыл сайын АҚШ президенті Джо Байден және оған дейінгі президенттер әр елден танымал адамдарға және мемлекет басшыларына қайырымдылық ас береді. Белгілі журналист Дана Нұржігіт өзінің әлеуметтік желісінде Нұрлан имамнан алған қысқаша сұхбатын жария етті.
Қазақстандық кәсіпкерлер бауырластық көңілмен алыс сапар алдында қазақтың жөн-жоралғысымен дастархан жайып, елдің аманатын арқалап сонау АҚШ сапармен кетіп бара жатқан имамға ізет көрсетті.







