әйлә Сұлтанқызы Айгүл Мүкейді перзентханадан шығарып алды

531
Айгүл Мүкей үшінші рет ана атанды. Өмірге екінші ұлын әкелді. Тележүргізуші жаңа туған ұлына Сұлтан-Әли деген есім қойды.  
Тележүргізушіні перзентханадан шығарып алуға әріптесі Ләйлә Сұлтанқызы, Динара Сәтжан, Диана Қырықбай келді. 
Әуе шарлары, шашу, домбыра мен әсем ән мерекенің сәнін келтірді. 
"Бізді ұлым екеумізді перзентханадан шығарып алды. Барлық жақсы тілектерді оқып қатты толқыдым. Бәріне алғысым шексіз", - деп жазды ол парақшасында.
Кейіннен ұлкен ұлы Асанәлі мен қызы Хабибаның інісін қалай қарсы алған видеосын көрсетті."Жұғысты болсын деген сурет. Айгүл Мүкей мен Сұлтан-Али батырды перзентханадан алып шықтық. Бауы берік болсын", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
"Балаңыздың бауы берік болсын, үлкен азамат болсын", "Басқаларға жұғысты болсын, қызығын көріңіз", "Тәп-тәтті балапандар", "Сіз керемет әйелсіз", "Өзіңізге, балаларыңызға зор денсаулық тілеймін", - деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, тележүргізуші 6 сәуір күні үшінші рет ана атанып, ұлды болды. Журналисті әріптестері, өнер жұлдыздары мен желі қолданушылары құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.