Динара Сәтжан коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Динара Сәтжан COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғанын өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Тележүргізуші оқырмандарына екпе алу үрдісін түсіндіріп өтіп, оларға есеп берді.
«5G ұстамайды, ештеңе өсіп шыққан жоқ. Антиденелер бітіп қалды. Сол себепті Спутник V екпесінің уақыты да келді. Коронавируспен қайтадан ауырғым келмейді және әрдайым ПТР тапсырудан жалықтым. Екінші вакцинаны 30 маусым күні алатын боламын.
Екпені тікелей эфир кезінде алдым. Ұзын-сонар кезек жоқ. Вакцинаны салдыру үшін емханаға барудың қажеті жоқ. Өте ыңғайлы екен. Екпені тоңазытқышта сақтайды. Барлық жағдай жасалған. 30 минут өткенін күтіп отырмын. Сосын өз жұмыстарыммен айналыса беремін», - деп жазды ол.