Динара Сәтжан коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

418

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотОтандық танымал тележүргізуші әрі дизайнер Динара Сәтжан коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алды. Ақпарат өкілі екпе салдыруына қатысты желіде әзілдеп, ел арасындағы болжамдарды жоққа шығарды.

Динара Сәтжан COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғанын өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Тележүргізуші оқырмандарына екпе алу үрдісін түсіндіріп өтіп, оларға есеп берді. 

"5G ұстамайды, ештеңе өсіп шыққан жоқ. Антиденелер бітіп қалды. Сол себепті Спутник V екпесінің уақыты да келді. Коронавируспен қайтадан ауырғым келмейді және әрдайым ПТР тапсырудан жалықтым. Екінші вакцинаны 30 маусым күні алатын боламын. 

Екпені тікелей эфир кезінде алдым. Ұзын-сонар кезек жоқ. Вакцинаны салдыру үшін емханаға барудың қажеті жоқ. Өте ыңғайлы екен. Екпені тоңазытқышта сақтайды. Барлық жағдай жасалған. 30 минут өткенін күтіп отырмын. Сосын өз жұмыстарыммен айналыса беремін", - деп жазды ол. 
 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.