Қызының сырқаты әншіні туған өлкесіне оралтты

1 573

Төреғали Төреәлі отбасымен Қызылорда қаласына қоныс аударды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы әншінің әйелі Толтын Тұрарбекқызы айтты. 


"Сіздерге бір арманым туралы айтқым келеді. Кәусар дүниеге келгелі біз Қытай елінде бес жасына дейін емделіп жүрдік. Шынымды айтсам, ол өте ауыр күндер. Ем алудың қиындықтарынан бөлек, тамағы, тұратын жері, бәрі оңайға соқпайтын. Ал тоқтаусыз емді қажет ететін балаларымыз үшін қашанғы үйіізді сағынып, жырақта жүре аламыз дейсіз?", - дейді Толқын. 


Сол кезде Толқын елімізден балаларға арналған емдеу орталығын ашқысы келген екен. 


"Алланың қалауымен 1-2 рет Алматыдан орталық ашамыз деп ниеттендік, бірақ нәтижесіз болды. Одан қатты көңіл-күйім түсіп жүргенмін. Ал қазір Алланың даналығын түсініп, көзіме еріксіз жас келді. 

Қызылорда қаласына Алланың қалауымен Кәусарымызды емдеуге көшіп келдік. Мен орталық ашуды қалап жүргенде, Алла ол орталықты көзімізге көрсетіп, сол орталықтан нәтиже беріп жатыр", - дейді Толқын.   

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.