A.Z: Еркемен қосылуыма анам себепкер болды

811

Жақында жолдары екіге айырылған Азамат Зенкаев пен Ерке Есмаханның қарым-қатынасын халық басқаша қабылдады. Есесіне жақындары жақсы қабылдаған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі “Жұлдыздар жұлдыздар жайлы” бағдарламасына сілтеме жасап.


Өнер иесінің сөзіне қарағанда, анасының Еркеге деген көзқарасы жақсы болған. 

«Еркемен қосылуыма бірден-бір себепкер анам болды. Тек анам айтты екен деп олай істемейсің ғой. Өзімнен де болды. Бірақ соңында болмай қалды», - деп A.Z Еркеге шынайы ғашық болғанын мойындады.

Азамат экс-ғашығы Еркеден 9 жасқа кіші. Көпшілік түсінбегенімен, рэпердің өзі махаббаттың жасқа қарамайтынына сенімді. Болашақта өзінен кіші ару кездессе де, қарсы емес. 

«Ең бастысы, адами тұрғыда сол адаммен ыңғайлы болса, онда тұрған не бар?» - деді ол. 

 «Мен негізі сезімге, махаббатқа жеңіл қараймын. Еркіндікті қатты жақсы көрмейтін адаммын. Маған отбасылық өмір қатты ұнайды. Тыныш үйде, көп шыққым келмейді. Әрдайым жұмысымды үйде істегенді ұнатамын», - деді Азамат.

Рэпер Еркемен ешқашан хайп жасамағанын кесіп айтты. Қазіргі таңда, жүрегінде сезім оты сөніп қалғанын, алдағы уақытта бар күшін шығармашылыққа жұмсайтынын айтты. 

«Қарым-қатынасқа, отбасылық өмірге әзірге дайын емеспін. Әзірге сөніп қалды. Оны кім оята алады, кім оята алмайды, бір Құдай біледі. Қазіргі қалауым - тек жұмыс істеп, жетістікке жету», - дейді A.Z.