Ақбота Сейтмагамбет әлемдік "Pantene" брендінің амбассадоры атанды

617
Әнші, актриса Ақбота-Нұр әлемдік бренд PANTENE-нің Қазақстандағы амбассадоры атанды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Әнші өзінің
инстаграм парақшасында бұл қуанышын оқырмандарымен қуана бөлісті.

" Ерекше қуанышпен, сіздерге керемет жаңалықты айтқым келіп отыр. 
Мен
@pantene.kz амбассадоры болдым!

Жылдар бойы қолданып келе жатқан @pantene.kz брендi мені таңдағаны, бұл ерекше толқу сезімін тудырды. Сіз де менімен бірге қуанасыз деп үміттенемін. Ал мен, шашымды керемет күйде ұстауға көмектесетін өнімдер туралы пайдалы ақпараттармен міндетті түрде бөлісетін боламын!,- деп жазба қалдырды.


Мұны көрген желі оқырмандары, әріптес достары,  жанкүйерлері ыстық лебіздерін білдіріп, пікірлерін оқша боратты.


"Мәссаған, сұлулық деген осы","Лайықты ғой","Қазақстандағы ең сұлу қыз","Мен енді тең Пантинмен жуамын басымды","Сәттілік","Алла жар болсын","Тәп-тәтті қыз ше осы","Анау-мынау адам түсе бермейді ғой, Ма Ша Алла сұлу ғой",- деп жазды.

Барша құттықтауларыңызға рахмет,- деп жазды әнші.