Роза Рымбаева бағдарламаға сұхбат беру үшін 5000 доллар сұраған

566
Қазақ сахнасында жүрген өнер жұлдыздарының телеарналардағы бағдарламаларға сұхбат беру құны шарықтап тұр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Еліміздегі өнер жұлдыздарының той сахнасынан бөлек отандық бағдарламаларға сұхбат беру гонорары жаға ұстатарлық. Солардың бірі, қазақтың халық әртісі Роза Рымбаеваның сұхбат беру құны 5000 долларға бағаланған. Бұл туралы "Ел Арна" телеарнасындағы "Жаңа қадам" бағдарламасында сөз болды. 



Ал той сахнасына шығып, ән шырқайтын жұлдыздардың гонорары 1-2 миллион теңге аралығында. Бұдан бөлек, олардың келіп-кетуі, тамағы, табан тірер орындарының құны көрсетілген сомадан бөлек төленеді. 

Мысалы, Ерке Есмаханды тойға шақыру екі миллионды құраса, Мәдина Садуақасова бір миллионды қанағат тұтқан. Жас буынның сүйіп тыңдайтын 2RAR лақап атымен танылған отандық әнші Тұрар Ыдырыс өзін екі миллионға бағалайды екен.
 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.