"Ол "иә" деді"...

491

Фото: видеодан скриншотҚазақстандық танымал актриса Сая Оразғалиева жақында екінші рет тұрмысқа шықпақ. Өнер иесінің сүйіктісі оған үйленуге ерекше ұсыныс жасады. Киножұлдыз көп ойланбастан ғашығына "иә" деп жауап берген.

Сая Оразғалиева ресми түрде қалыңдық атанды. Актрисаның жігіті Алматы төрінде оған үйленуге аса ерекше ұсыныс жасаған. Ол өнер иесін оңтүстік астанадағы қымбат мейрамханаларының біріне арнайы шақырып, естен кетпес тосын сый ұйымдастырған. 

Әлеуметтік желілерде тарап кеткен видеолардан ер адамның раушан гүлдерден жол төсегенін көруге болады. Ол ғашығының алдында тізерлеп отырып, одан өзінің өмірлік жары болуын сұраған. Актриса "иә" деп жауап берген соң, болашақ жолдасы оның саусағына сақинасын тақты.

Қос ғашықтың қуанышына ортақтасуға олардың ең жақын достары келген. Олардың арасында актриса Жәния Джуринская да бар. 

Instagram желісіндегі бейнежазбаларға сәйкес, Сая Оразғалиеваның таңдауы Ілияс Иминов есімді азаматқа түскен. 

Желі қолданушылары актрисаны шын жүректен құттықтап, оған өз ақ тілектерін жолдап жатыр.

"Бақытты бол, сен оған әбден лайықсың" , "Махабаттарың баянды болсын. Бұл некең мәңгілік болсын" , "Жақсы азаматты таңдадың деген ойдамыз" , "Құтты болсын Сая қалқам, бағың баянды болсын! Тек қана күйеу баланың тізерлеп ұсыныс жасағаны ұнамады, қазағым əйел түгілі ханның алдында олай тізе бүкпейді ғой" , "Бағың жансын Сая" , "Тастай батып, судай сің. Сен үшін қуаныштымыз" , - деп жазуда халық.

Айта кетейік, бұл Сая Оразғалиева үшін екінші неке болмақ. Өнер иесінің бірінші жолдасынан ұлы бар.