"Қателік болса түзелер": Мұхамеджан Тазабек басы дауға қалған Тұрсынбекке қолдау білдірді
302
"Talim TV" телеарнасының бас директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұхаммеджан Тазабек даулы оқиғаға тап болған өнердегі інісі Тұрсынбек Қабатовқа қолдау білдірді. Ол белгілі әзілкешті орынсыз айыптамауға шақырды.
Мұхамеджан Тазабек өзінің Instagram парақшасында Тұрсынбек Қабатовқа жазба арнап, оған қатысты шулы оқиғаға пікір білдірлі. Ол ашуға булыққан халықтан інісін қатты сөкпеуін сұрады.
"Онсыз да әзілдің әрі кетіп, қалжыңның дәмі кетіп, күлмеске күліп, мәнсізге мәз болып жатқан заманда Тұрсынбектің сағы сынбай, алдымызда аман жүргені керек-ақ. Қателік болса түзелер, заңсыздық болса, айыпталар, бір-ақ өздеріңіз бата берген, тапқыр сөзіне таңдай қаққан, ұтқыр сөзін ұйып тыңдаған азаматтың жеке басына, ар-ұжданына кірмеу - кісіліктің белгісі. Менің оқырмандарымның арасында ондай парасатты адамдар көп екеніне күмәнім жоқ.