"Біз сені күтеміз": Әнші Серік Ибрагимов төртінші рет әке атанады

2 505

Фото: ©instagram.com/ainamkoz_abdimaТанымал әнші Серік Ибрагимов пен жары Айнамкөз Әбдімаева төртінші сәбиін күтіп жүр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сүйінші жаңалықты өнер иесінің жары әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Әнші жарымен бірге гендер-пати өткізген. Олар жақында ұлды болады.

“Біз сені күтеміз, балапан”, – деп жазған ол.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны жарыса құттықтап, әншінің жарына жеңіл босануын тілеп жатыр.

“Аман-есен дүниеге келсін”, “Мен көрген ең сүйкімді гендер пати”, “Кім болса да дені сау болсын”, “Керемет жаңалық”, – деп жазған олар.