"Көзімді байлап, сиқырлап алды"

576

Жуырда отбасын құрған Заңғар Нұртас стамбулдық алаяқтардың тұзағына  қалай түскенін айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"Күлкің де, жылағың да келеді. Бірақ бәле-жала осымен кетсін деп жатырмыз
Стамбұл қаласында Outlet орталығында сағат қарап жатқан кезде, алаяқтар келіп, мені алдап, сиқыр жасап, көзімді байлап, ақшамды сыпырып алып кетті. Өз көзіммен көргенім басқа, камерадан көргенім басқа болып шықты", - деп бөлісті ол. 

Бейнежазбада түрік азаматы Заңғармен ақша жөнінде сөйлеседі. Заңғардың назарын басқа жаққа аударып, қолындағы ақшасын тартып алады. Ал сатушыны ұрының әйелі алдап алып кеткен.


"Қалай ақшаны қолына бергенімді түсінбей қалдым. Бұл кісі менімен танысып, жақын арада Қазақстанға баратынын айтып, өзінің долларларындағы мөрді көрсетіп: "Қазақстанға мені бұл ақшамен өткізе ма? Сенің ақшаңда осындай мөр бар ма?" - деп сұрап алды", - дейді Заңғар Нұртас. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.