"Нағыз сұлулықтың символы" Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа образын көпшілікке паш етті

1 063

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа образдағы видеосын жариялады, -деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қайрат Нұртастың келіншегі аталмыш бейнежазбаны Instagram парақшасында бөліскен. Онда актрисаның ақ түсті көйлекпен серуендеп жүргенін көруге болады.
 Желі қолданушылары Әбдікәрімованың ерекше образына әрі дене сымбатына тәнті болып, оған өз жылы лебізін білдірген.
Олар көпбалалы ананың қазіргі кейпіне тамсанған.

"Неткен мінсіз мүсінді ару", "Сізді көпбалалы ана деп айту қиын", "Төрт баласы бар деп кім айтады? Жап-жас қыздай", "Фигураңыз от екен", "Нағыз сұлулықтың символы", "Қайрат Нұртастың бағы бар екен", "Сіз не кисеңіз де жарасып кетеді", "Қандай керемет. Әрқашан осылай күліп жүріңіз", - деп жазуда көпшілік.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.