Ұлым тұрмысқа шығуға рұқсатын берді
Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева ашылып сұхбат беріп, өзінің жеке өміріне қатысты тың мәліметтермен бөлісті. Өнер иесі тойдың ауылы алыс еместігін айтып қалды. Жасы қырықтан асқан актриса алдымен өзі теңін тауып, тұрмысқа шығып, кейін ұлын үйлендіретінін жеткізді.
Айгүл Иманбаева "Ең алғашқы" бағдарламасында өз жан сырын ақтарып, отбасын құру мәселесіне қатысты ойын айтты. Әнші алдағы уақытта тағы да тұрмысқа шығуға ниетті. Өнер иесі ол үшін тіпті ұлының рұқсатын алған.
Эстрада жұлдызының баласы анасының жалғыз қалмауын тілеп, оған өз бақытын табуын айтқан.
"Үйде Асылжан келін түсірсін деген әңгіме басталса, мен асықпаңдар алдымен мен кетем, одан кейін Асылжан үйленеді деймін. Балам "Сендей әйел жалғыз болмау керек, өзіңді қадірлейтін қасыңда азаматың болсыншы" деген кезде түнімен жылап шыққаным рас" , - деді Айгүл Иманбаева.
Баласының рұқсатын алған, бұрынғы күйеуімен сыйластығын сақтап қалған актриса енді жолының ашылатынына сенімді. Әншінің анасы да қызының тұрмыс құрып, отбасылы болғанын қалайды.
Айта кетейік, Айгүл Иманбаева өнер саласына енді қадам басып жатқан кезінде актер Сәбит Әбдіхалықовқа тұрмысқа шықты. Алайда, уақыт өте келе дәм-тұздары жараспаған ерлі-зайыптылар ақыры ажырасып тынды. Олардың ортақ бір ұлы бар.