Наразы халық отандық хитмен Қайрат Нұртасты Ақтаудан шығармай қойды

281

Концерт қойған отандық өнер жұлдызы Ақтаудан шыға алмай қалды. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда газ бағасына байланысты наразылық білдірген халық жолды жауып, хитменнің қаладан шығуына кедергі келтірген,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Бейнежазбадан әнші Қайрат Нұртастың Мерседес S-Class көлігінде отырғанын байқауға болады.

Өнер иесінің жабылған жолдан шыға алмай қалған сәтінің видеосы Instagram-да тарап кетті. Онда жолды жапқандар қалаға кіруге де, шығуға да жол жоқ екенін айтады. "Кім болсаң да халықтың мұңын жеткіз" дейді видео авторы.

Бейнежазбаны бөліскен @beyneushop паблигі "Қайрат Нұртасты халық Ақтаудан шығармай қойды" деп жазды.

Ақтаулық асаба Бек Шәкірат та видеоны өз парақшасында жариялады. Ол әнші халықтың жанайқайына бей-жай қалмас деген үмітін жеткізді.

Ақтауға келдің, мән-жайға қанықтың. Қаны қазақ деп жүрегі тулаған Маңғыстау жігіттерінің жан-айқайын естідің. Өз көзіңмен көрдің. Осыны көріп тұрып бей-жай қалмассың қазақтың Қайраты болсаң. Сен де үндеуіңді қосарсың,
— деп жазды асаба.

Отандық хитмен бір күн бұрын Instagram парақшасында Ақтауда өткен кешінің видеосын оқырмандарымен бөлісті.