Наразы халық отандық хитмен Қайрат Нұртасты Ақтаудан шығармай қойды
296
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Концерт қойған отандық өнер жұлдызы Ақтаудан шыға алмай қалды. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда газ бағасына байланысты наразылық білдірген халық жолды жауып, хитменнің қаладан шығуына кедергі келтірген,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Бейнежазбадан әнші Қайрат Нұртастың Мерседес S-Class көлігінде отырғанын байқауға болады.
Өнер иесінің жабылған жолдан шыға алмай қалған сәтінің видеосы Instagram-да тарап кетті. Онда жолды жапқандар қалаға кіруге де, шығуға да жол жоқ екенін айтады. "Кім болсаң да халықтың мұңын жеткіз" дейді видео авторы.
Бейнежазбаны бөліскен @beyneushop паблигі "Қайрат Нұртасты халық Ақтаудан шығармай қойды" деп жазды.
Ақтаулық асаба Бек Шәкірат та видеоны өз парақшасында жариялады. Ол әнші халықтың жанайқайына бей-жай қалмас деген үмітін жеткізді.
Ақтауға келдің, мән-жайға қанықтың. Қаны қазақ деп жүрегі тулаған Маңғыстау жігіттерінің жан-айқайын естідің. Өз көзіңмен көрдің. Осыны көріп тұрып бей-жай қалмассың қазақтың Қайраты болсаң. Сен де үндеуіңді қосарсың,
— деп жазды асаба.
Отандық хитмен бір күн бұрын Instagram парақшасында Ақтауда өткен кешінің видеосын оқырмандарымен бөлісті.
Қаз
Рус






