«Алауым мектеп бітірді»: Жұлдыз Әбдікәрімова қызына жүрекжарды тілегін арнады

2 522

Фото:© Видеодан скринТанымал әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың ортаншы қызы Алау биыл мектепті тәмамдап, түлектер кешін атап өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Салтанатты шараға анасы Жұлдыз Әбдікәрімова қатысып, қызының қуанышты сәттерінен әсерлі бейнежазбаны Instagram парақшасында жариялады. Ол жазбасында қызына ақ тілегін арнап, жүрекжарды лебізін білдірді.

«Алауым мектеп бітірді. Менің кішкентай жұлдызым, өмір жолың әрдайым жарқын әрі бақытты болсын. Сен батыл, ерке, сүйкімді әрі сұлу жансың. Барлық асқақ армандарың орындалып, алдыңнан тек жақсылық жолықсын», – деп жазды актриса.

Желі қолданушылары да жас түлекке ізгі тілектерін жаудырып, жаңа өмір белесінде сәттілік тіледі. Көпшілік Алаудың есейіп, бойжеткен болғанына таңданысын білдіріп, анасы мен қызының ерекше сәтіне жылы лебіздерін арнады. Сондай-ақ соңғы уақытта Қайрат Нұртастың жары мен енесі Гүлзира Айдарбекованың қарым-қатынасы туралы түрлі әңгімелер айтылып жүргенімен, продюсер бұл жолы да назардан тыс қалмады. Ол жарияланған видеоны жүрек белгісімен қолдап, немересінің қуанышына ортақ екенін аңғартты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.