«Голос России»: Қазақстанның екі әншісіне де бас жүлде бұйырмады

278
Қазақстандықтардан басып озған қырғызстандық «Голос России» жобасының жеңімпазды атанды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

Финалда Александр Градскийдің командасынан қазақстандық Әлішер Кәрімов, Дима Биланның командасынан тағы бір әншіміз Ернар Садырбаев, Пелагеяның командасынан қырғызстандық Александр Волкодав пен Леонид Агутиннің командасынан ресейлік Элина Пан өнер көрсеткен болатын.

Әр әнші өзінің тәлімгерімен бірге ән салған. Атап айтқанда, Элина Пан Леонид Агутинмен «Включите свет» әнін шырқады. Ал одан кейін сахна төріне шыққан Ернар Садырбаев Дима Биланмен «Ты должна рядом быть» әнін орындады. Үшінші дуэтті Пелагеямен бірге Александр Волкодав шырқап, ағылшын тіліндегі «Игра» әнін салды. Осыдан кейін экрандағы Градскийдің видеожазбасымен Әлішер Кәрімов әнін орындап, жұртты тәнті етті.

Конкурс қорытындысы бойынша Александр Волкодав жеңімпаз деп танылды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.