Роза Рымбаева қиын ке­зең­дерін еске алды

2 514

"Қазақ эстрадасының примадоннасы" атанып кеткен алтын дауыс иесі, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның сахнада жүргеніне елу жыл толған. Әрбір кешін асыға күткен көрерменді әнші жақында жағымды жаңалығымен қуантты,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агеттігі.

 Атаулы мерейтойға орай өнер иесі ақпан айының 7- ші жұлдызында Республика сарайында кеші өткен. Кеш қарсаңында әнші сұхбат беріп, толғаныстарын бөліскен.

"Көпшілік әлі күнге дейін "сол баяғы Рымбаева" деп қа­был­­дайды. Халықтың жа­дында "Әлия" образым қа­лып қойған. Алайда елу жыл­дың ішінде мен де адам ретінде өс­тім, өркен­де­дім, өмірдің та­лай белесін өт­кер­дім. Қар­тай­дым, әже атан­дым. Бірақ сах­на­дағы елу жы­лым текке өткен жоқ. Осы уа­қыттың бәрінде қа­зақ сах­на­сын­да халқыммен бір­ге өмір сү­ріп келемін.
Елу жыл ара­лықта түрлі қайғыны бас­тан кештім, небір қиын ке­зең­дерді бастан өткердім. Ме­нің ең үлкен бақытым – хал­қым­­ның әркез қолдап жүргені. Әсі­ресе, жолдасымнан айы­рыл­ған ауыр кезеңде бұл қолдау ма­ған үлкен демеу болды. Сол жыл­дары кішкентай екі баламды алып, гастрольдік са­пар­ларда жүр­дім. Мен жыл сайын ха­лық ал­дына шығып, "Көктем ша­­қы­рады" атты концертімді бере­­тін­мін. Бұдан кейін аталған кеш шы­ғармашылығымдағы дәс­түрлі іс-шараға айналды", - деді әнші