Әнші Дидар Кәденнің үйлену тойы қалай өтті

775
Отанық танымал әнші әрі сазгер Дидар Кәден екінші мәрте шаңырақ көтерді. Өнер иесінің таңдауы Лейла есімді аруға түскен. Күні кеше жастардың үйлену тойы өтті. 

Дидар Кәденнің үйлену тойы Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен. Шоу-бизнес жұлдызының қуанышына туған-туыстары мен өнердегі барша достары келген.

Олардың арасында Әли Оқапов, Ақерке Бүркітбаева, Диас Аблаев, Нұржан Әбубәкір, Ayree, "Музартlife" тобы және тағы да басқалары бар. Жұлдыздар досының қуанышына ортақтасып қана қоймай, думанды шарада өз өнерілерін де көрсеткен.

 Жас жұбайлардың тойы қалай өткенін қонақтардың әлеуметтік желілерінен көруге болады. Олар ерлі-зайыптылардың мерекелік шарасынан фото және видеолармен белсенді түрде бөліскен.