«Бала бауыр етің»: Актер Рүстем Жаныамановтың отбасы қара жамылды
Отбасының үлкен ұлы Нұрмұхамметтің өмірден өткені белгілі болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық актер Рүстем Жаныаманов пен оның жұбайы, актриса Жанаргүл Жаныаманова тұңғыш ұлдарынан айырылды. Қаралы хабарды продюсер Гүлнұр Мамасарипова өзінің инстаграм парақшасында хабарлаған. Сондай-ақ, бұл туралы журналист Анна Данченко желідегі парақшасында жазған.
Осыдан кейін желі қолданушылары мен өнерсүйер қауым актерлер әулетіне қолдау білдіріп, қайғыларына ортақтасып жатыр.







