Шоу-Бизнес
127
Үнді образындағы Дариға Бадықова ел назарын өзіне аударды

Дариға Бадықова өзіне асқан танымалдылық әкелген "Қазақша бизнес" фильмінің Үндістандағы түсіріліміне қосылды. Актриса Instagram желісінде Дели қаласынан видео жариялап, өзінің ерекше образын паш етті. Онда киножұлдыздың үнді халқының ұлттық киімін киіп алғанын көруге болады. Желі қолданушылары бірден актрисаға лүпілдерін аямай, өз пікірлерін қалдыра бастады.
"Кұшті жарасып тұр", "Осы актриса қатты ұнайды. Не істесе де, не кисе де жараса кетеді", "Үндістанның ішіне кіріп кетіп ойнайсыз ғой", "Қатал енеге ұқсап қалдыңыз", "Анандидің енесі секілді", "Анандидің үлкен кезі сияқты", - деп жазуда көпшілік.