"Махаббаттан басым айналды"

443

Дастан Оразбеков жаңадан көрерменге жол тартқан "Тамшылар" атты әнін жұбайы Жанатқа арнаған - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.


"Достар, жаңадан шыққан "Тамшылар" әні шыны керек мен үшін өте ерекше. Бұл ән менің керемет жұбайыма — Жанатқа арнап жазған әнім.
2007 жыл, Мәскеу қаласы. Орда тобымен "Европа плюс" жүргізген хит-парадында "Не покидай" әнімен жеңімпаз болдық. 25 жастамын, махаббаттан басым айналып жүрген кезім. Ғашық әншіге шабыт керек емес деген рас екен. Жанатқа @zhanatkhanym деген махаббатым, сағынышым осы әнімде толықтай көрсетілген. Көп ұзамай, сол 2007 жылы біз отбасы құрдық", - деп бөлісті Оразбеков. 



Фанаттары әншінің бұл қылығына риза болды. 

"Сіздің махаббатқа адалдығыңызға таң қаламын! Үлгі алатындай жансыз", "Әйеліңіз бен ұлдарыңызға деген қарым-қатынасыңызға қарап, сізді тыңдай бергім келеді", "Бақытты болыңыздар", "Күшті әуен", - деп тамсанды олар. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.