KeshYou тобының бұрынғы әншісі жеке өмірі туралы айтты

644
KeshYou тобының бұрынғы мүшесі  Элизат Берікова күйеуімен ажырасқалы жүргенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісінде айтты, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттегі  KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

2018 жылдың қазан айында тұрмысқа шыққан. Бүгінде  екі арыстандай жігіттің анасы.
Соған қарамастан әнші жеке өмірінде әлдебір проблемалар туындағанын тұспалдап, желіде жазба жариялаған.
"Құдай маған барлығын берді. Бірақ некем сәтсіз сияқты", - деп жазды ол.

 Оның желідегі оқырмандары әншінің бұл жазбасына қатысты өз пікірлерін білдірді. "Не болып қалды. Әп-әйбат күйеуіңіз, екі ұлыңыз бар еді?", - деп жазған оқырман сұрағына Элизат: "Өмір болғаннан кейін, бәрі болады екен ғой", - деп жазды ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.