Кәмшат Жолдыбаева неге соңғы уақыттары жабық киініп жүргенін түсіндірді
Отандық әнші Кәмшат Жолдыбаева көпшілікті алаңдатқан сұраққа жауап берді. Өнер иесі соңғы уақытта жабық киінуге не итермелегенімен бөлісті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің соңғы кездері киіну стилін өзгертіп, жабық киімдерге әуестенгенін оқырмандары назардан тыс қалдырмаған. Олар тіпті жақын арада той болады деп болжап үлгерген. Алайда әнші сыртқы келбеттің өзгеруіне ішкі жан дүниенің тікелей әсер ететінін алға тартты. Сондай-ақ, фанаттары Жолдыбаеваның өмірлік ұстанымының қандай екенін де білгісі келген.







