"Махаббат жас таңдамайды": 55 жастағы әнші Шахизада тұрмысқа шықты

603
Қазақстандық танымал әнші Шахизада Байбатжанова тұрмысқа шықты. Өнер иесі мен оның сүйіктісі шариғат бойынша некелерін қидырған. Бұл қуанышты жаңалықпен әртістің өзі әлеуметтік желілерде хабарлады. Бақыттан басы айналған эстрада жұлдызы ғашығының түрін көпшілікке әзірге көрсетуге дайын емес екенін жеткізді.

55 жастағы Шахизада Instagram парақшасында жанкүйерлеріне видео жолдап, өзінің тұрмысқа шыққалы жатқанын хабарлады.

"Сәлем қыздар. Әрбір әйел бақытты болуға лайықты деп айтар едім. Бақытты болыңыздар. Бүгінгі күн мен үшін аса бақытты күн. Тұрмысқа шығып, неке қиятын күнім. Сіздер де маған бақыт тілеп қойыңыздар. Бақыттарыңыз, сүйіктілеріңіз қастарыңызда болсын. Сүйіктілеріңіздің сүйіктісі болып жүре беріңіздер. Бақыт тілеймін сіздерге" - деді әнші. 

Сонымен қатар, өнер иесі кейіннен парақшасында жаңа суреттер мен видеомен бөлісті. 

"Аллаға шукір. Бүгінгі күн біз үшін ерекше бақытты күн. Махаббат жас таңдамайды. Адамның көңілі қартаймайды. Достарым, сіздерге мың алғыс. Жақсы, таза көңіл тілектеріңізге. Бақытты болыңыздар, жақсыларым", - деп жазды
Шахизада. 

Шоу-бизнес өкілі әзірге жолдасының түрін халыққа көрсеткісі келмейді. Ол "көз тиеді" деп қорықса керек.