"Басымнан өткен ең ғажап дүниесің": Жәния Джуринская күйеуін туған күнімен құттықтады

519
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жәния Джуринская жолдасын жаңа жасымен құттықтап, желіде оған өз ақ тілегін ақтарды.

 Жәния Джуринская Instagram парақшасы арқылы барша оқырмандарының алдында күйеуіне деген махаббатын жеткізген. Актриса аса әсерлі жазба жариялап, жолдасын әлемдегі ең мінсіз ер адам деп атады.


 "Туған күніңмен, махаббатым! Сен – басымнан өткен ең ғажап дүниесің! Осындай мінсіз ерді кездестіргенімді-ай! Саған ештеңе тілемеймін, онсыз да бәрін жасап жүрсің және жасайсың. Тек аман бол" , - деп жазды өнер иесі. 


Сонымен қатар, киножұлдыз желідегілер назарына жолдасы екеуінің жаңа фотосессиясын ұсынды. Онда ерлі-зайыптылардың классикалық үлгіде киініп алғанын көруге болады. Түсірілім орманда болғанға ұқсайды. 


Джуринскаяның оқырмандары бірден Данияр Хизметовке деген өз ақ тілектерін жолдады. Олар қос ғашықтың ата-ана болған күнін асыға күтіп жүргендерін айтты. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.