"Бұты салбыраған" шалбар киген Дариға Бадықова оқырмандар сынына қалды

396

Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/Отандық әйгілі киноактриса Дариға Бадықова "бұты салбыраған" шалбар киіп, оқырмандардың сынына қалды. Алайда әртіс сынаған оқырмандарына жауап берді, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Oinet.kz ке сілтеме жасап.


Актриса өзінің Instagram парақшасына жүктеген видеосында, ерекше стилі үшін оқырмандарының сынына қалды:

"Менің балам футболканы бұтына киіп алған ба дейді", "Бұл шлбар емес, бөзден тгілген аталар киетін дамбал", "Ана дамбалдың ішінен памперс киіп, бүлдіріп жүре берсең болатын сияқты ғой", "Құрысын, мына шалбарды кимеңізші. Әжептеуір әйгілі әртіс едіңіз", "Ана шалбарды өртеші құрысын", "Айсара Қылышбекке "ауың салбырап" деп ұрсушы еді", "Ұн жайында қалды, шалбарыңыз хит болып кетті", "Шалбарыңыз өте жаман болып тұр, кимеңізші өтініш", - деп жазды желі қолданушылары.



Елдің сөзіне Бадықова жауап берді. 

"Мына султанкамды жұрт: "Не киіп алғансың? Бұты не мынаның?" - деген екен. Әдемі өзгеше. Бұл да стиль. Несі жаман, жабысып тұрмайды. Артық ештеңе көрінбейді. Кей жамбасы үлкен қыздар жабыстырып қазақи қойдың құйрығындай іркілдетіп киіп алады. Одан қала бере жабыстырып көйлек киеді, алмаға түсетін құрт сияқты. Одан қала берді қуықтары құмғандай болып тұрады. Қысқасы, жарасатын киім киген дұрыс", - деді Бадықова. 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.