"Ішіме тиіспеңдер": Ерке Есмахан жүктілік туралы сөзге жауап берді

2 502

Фото: Instagram.com/erke_esmahanӘнші Ерке Есмахан желіде өзінің жүкті болуы мүмкін деген қауесетке пікір білдірді, - деп  хабарлайды Opennews.kzақпарат агенттігі.

Бұған дейін өнер иесінің сахнаға кең киіммен шыққан видеосы тараған соң, әлеуметтік желі қолданушылары оның аяғы ауыр болуы мүмкін деген болжам жасаған еді. Әнші бұл жолы көпшіліктің жорамалына өзі жауап берді.


“Ішіме тиіспеңдер. Бұл менің үш ұлдың анасы деген ең жоғарғы статусым ғой. Кететін шығар, босанғаныма бір жыл ғана болды ғой”, – деп жазды Ерке Есмахан.

Осылайша әнші желідегі қауесетті жоққа шығарып, дене бітіміндегі өзгерісті жуырда ана атануымен байланыстырды.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.