Димаш әлеуметтік желідегі ең танымал әлемдік он әртістің қатарына кірді

402

Америкалық NetBase Quid тәуелсіз зерттеу компаниясы анализ жасап, қараша айында әлеуметтік желілерде есімі көп аталған үздік он әртістің қатарына Димаш Құдайберген кірді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Отандасымыз танымал ондықтың ішінде тоғызыншы орынға жайғасты. Аталған тізімде америкалық әнші Тейлор Свифт көш бастады. Екінші орынға оңтүстіккорялық BTS тобының мүшесі JIN, ал үшінші орынға оның жерлесі Blackpink тобының мүшесі Lisa жайғасты. 



Үздік ондықтың ішінде Джастин Бибер, Ариана Гранде, Адель сынды әлемге танымал өнер иелері де бар.